Ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің 2023-2024 оқу жылындағы жылдық есебі
Мақсаты: Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекетпен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде,осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты-шынайы өмірде оқушыларды ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негізднрін қалыптастыру болып табылады.
Міндеті: Білім алушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы меңгеру маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйрету меңгерте білетін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
Жыл басында алғашқы бірлестік жиналысы болып өтті. Мұғалімдердің күнтізбелік іс –жоспарлары жазылып бекітілді.
22 қыркүйек Тіл мерекесіне орай,Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі барысында оқушылар тіл туралы өлең , тақпақ , мақал- мәтелдер айтып іс –шараларға белсене қатысты
Ағылшын тілі пәні бірлестігінде 9 мұғалім жұмыс жүргізіп келеді. Олардың барлығы жоғары тәжірибелі ұстаздар, бір жас маман , еңбек өтілдері 1-35 жыл аралығында. Бірлестікте 2 педагог-шебер, 3 педагог-зерттеуші ,2 педагог-сарапшы,1 мұғалім санатсыз. Ұстаздарымыздың барлығы 2023-2024 жылдары аралығында өз білімдерін көтеру «Педагогикалық шеберлік орталығынан» біліктілік курстарынан өткен. Мұғалімдер 16,35 сағат жүктеме мен қамтылған.
Жылдық қорытындысы бойынша сабақ беретін сыныптар бойынша ағылшын тілі пәнінің үлгерімі-100,сапасы-70,56 пайызды көрсетті.
Жыл басында алғашқы бірлестік жиналысы өтіліп, мұғалімдердің күнтізбелік іс-жоспарлары жазылып бекітілді және Bilimclass,онлайн мектепке жүктелді. Ағылшын тілі пәні бірлестігінің апталығы қазан айының 03-07 күндері аралығында болып өтті. Апталықтың ашылуы мұғалімдер мен оқушыларға салтанатты түрде өткізілді. «The world around us» тақырыбында іс-шараға байланысты жоспар түзіліп бекітілді. Апталықтың ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Апта барысында кітаптар көрмесі жүргізіліп, іс-шаралар өтіліп оқушылар тіл туралы өлең,тақпақ, мақал-мәтелдерін оқып жақсы ат салысты. Апталық барысында ағылшын тілі бірлестігі, мұғалімдер және оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді, сұрақ -жауаптар жүргізілді, әр түрлі ойындар ұйымдастырылды.
«Playground» тақырыбында Арипова Мақпал апай 5 «А»-сыныпқа ойын сабақ өтті. «Who is the best?» тақырыбындаЖұманова Ғалия апай 8 «Ә»-сыныпқа дәстүрлі емес сабақ өтті. «You must know foreign language» пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қабырға газеті өткізілді. «Day and Light»тақырыбында Ахунова Сапаркул апай 3 «В»-сыныпқа дәстүрлі емес сабағын өтті. «Traditional stories» тақырыбында Толемисова Қарлығаш апай 4 «А»-сыныпқа сайыс сабағын өткізді. «Polyglot» тақырыбында Жаксылыкова Жазира апай 10-сыныпқа интелектуалды ойын өткізді. «Super Stars»тақырыбында Ортаева Гүлжамал апай 5-сыныпқа дәстүрлі емес сабағын өтті. «Have got, has got..?» тақырыбында Б.Құдасов 5 «Б» сыныпқа дәстүрлі емес сабақ өтті.Пән мұғалімдері «Караоке»ән сайысын өткізді.Апталықтың жабылуын «Ертеңгілікпен» жапты.Барлық іс-шаралар өз дәрежесінде өттілді. Апталық барысында бастауыш сынып оқушылар арасында ертегілерге саяхат, сурет көрмесі , кітаптар әлеміне саяхат, жоғары сыныптарарасында сұрақ жауаптар, тіл туралы өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер жүргізілді.
Ауданнан келген бұйрықтар бойынша жұмыстар жүргізіліп отырылды. Әр түрлі байқаулар, эссе , іс-шаралар дер кезінде мұғалімдер тарапынан орындалып отырды. I, II, тоқсан соңында оқушылардың білім сапасын анықтау үшін БЖБ және ТЖБ бақылау жұмыстары алынып тексеріліп, әр сыныпқа модерация жұмыстары жүргізіліп, тоқсандық бағалар жийынтығы бойынша мониторингтер жасалды. Оқушылардың үлгерімі қорытындысы бойынша 5-11 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен бағаланбай қалған оқушы немесе «2» деген баға алған оқушылар жоқ. Оқушылардың пән олимпиадасынан ауданнан 11-сынып оқушысы Полат Жанна 2-орын пән мұғалімі Жаксылыкова Жазира .
Ұбт бойынша 5 оқушы таңдаған. Тест қорытындылары бойынша төмендегінше жинады. Орта балл: 25,5
Пән мұғалімдері қосымша сабақтарды өтуде. Алдағы уақытта жіберген олқылықтарды реттейміз деп жоспарлаудамыз. Дарынды және оқу уәжі төмен оқушылармен жұмысты жандандырамыз.