Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі
қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ талдау
12.09.2023 жылы 10 «Б» сыныбында А.Акбарова «Көңілім қайтты достан да , дұшпаннан да» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ барысында ақын А.Құнанбаевтың шығармалары жайлы ,өлеңдеріне талдау жасалынып,,шығармашылығына тоқталды.

12.09.2023 жылы «Сөйлеу мәдениеті. Амандасу, қоштасу» тақырыбында Каепова Феруза 5 «Б» сыныбына ашық сабақ өтті.Сабақ барысында топтық тапсырмалар, жеке жұмыс орындалып,оқушылар белсене сабаққа қатысты.

13.09.2023 жылы Қ.Жаңбырова 7 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Қар» тақырыбында ашық сабақ өтті.Жаңартылған білім бағдарламасына сай оқылым мәтіні мен әдеби тіл нормасы бойынша әдіс- тәсілдерді қолдана отырып,оқу мақсаты толық қамтылып, сабақта мұғалім өз мақсатына жете алды.

13.09.2023 жылы Құдретова Бақнұр 5 «А» сыныбында «Керқұла атты- Кендебай» ертегісі тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті.Сабақ барысында бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар арасында деңгейлік тапсырмалар орындалып,ертегі желісі бойынша сахналық қойылым көрсетілді.Оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігі кеңінен танылды.Мұғалім сабақ барысында өз мақсатына толық жетіп,өте жоғары деңгейде сабақ бағаланды.
«Тіл жанашыры -ел жанашыры» тақырыбында сайысы 7- сынып оқушылары арасында интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды.Сабақ барысында ана тілі тақырыбында мәнерлеп оқу барысы,мақал-мәтел айту сайысы,білім бойыСабақ барысында ана тілі тақырыбында мәнерлеп оқу ,мақал-мәтел айту ,шешендік сөздер бойынша білімін көрсету байқауы бойынша оқушылар сынға түсті.Байқау нәтижесі бойынша 7 «А» сыныбы 1-орынды,
7 «Ә» сыныбы 2- орынды, 7 «Б» сыныбы 3-орынды иеленді.

8-10 сынып оқушылар арасында «Ақындар айтысы» ұйымдастырылды.Мектепішілік ұйымдастырылған ақындар айтысы байқауында 8-сынып оқушысы Сұлтанмұрат Бекнұр жүлделі 1-орынды иеленіп,республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңінен жүлделі 1-орын иеленді.Облыстық «Ақбеерен» байқауына аудан атынан жолдама алып,облыстық байқаудан Мақтау қағазын иеленді.

Қазан айында республика күні мерекесі қарсаңында мектеп оқушылары мен ата -аналардың қатысымен үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылды.Кештің өтілуіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері атсалысты.Мерекелік кеш барысында оқушылардың орындауында патриоттық әндер айтылып,туған жер ,Отан тақырыбында әдеби монтаж орындалды,көркеш шығармалардан үзінділер көрініс ретінде қойылды.Ата-аналар тарапынан ризашылық білдіріріліп,кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Қараша айында мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-6-7-8-9-10-11 сыныптар арасында күндер белгіленіп,жоспарға сәйкес конверттер дайындалды.
Әр сынып бойынша кезекші мұғалімдер бекітіліп,тәртіпке сай олимпиада жұмыстары алынды.
Олимпиада болған күні акт түзіліп, әділ қазылардың оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру нәтижесі қорытындыланып,хаттама жазылды.Мектепішілік жеңімпаз оқушылар нақтыланып,
1-орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды.

Желтоқсан айында оқушылардың шығармашылығы мен ой -өрісін шыңдау мақсатында дөңгелек өтті.. Оқушылар өз ойларын ортаға салды.Қалмомын Әсия,Садуллаеева Асия,Тұтқабай Анар сынды оқушылар ана тілінің болашағы жайлы керемет ойларын тереңінен жеткізе білді. Дөңгелек үстелді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е Сүндетов ұйымдастырды.

Желтоқсан айында мектеп оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырды.Мерекелік іс-шарада оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында әдеби-монтаж оқып,патриоттық тақырыпта әндер орындап,тәуелсіздік шежіресі жайлы,Желтоқсан құрбандары жайлы сахналық қойылым көрсетті.Сонымен қатар көңілді де әсем билер орындалып,күмбірлеген күй саздары көркемөнерпаздар үйірмелерінің орындауында көрермендер жүрегіне жол тартты.Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

1ақпан күні жалпыұлттық «Мен үлгі тұтатын адал адам» тақырыбында эссе байқауы алынды.
8-9-10-11сынып оқушылары арасында барлық оқушылар эссе жазуға қатысты.Эссе жазу барысында оқушылар өз ойын кеңінен тарқатып,үлгі тұтарлық кейіпкерлері жайлы кеңінен тебірене жеткізді.Ата-аналары жайлы да толғана жазды.Бұл эссе жұмысы оқушы шығармашылығының шыңдалуына сондай-ақ іштегі толқынды қағаз бетіне түсіруіне үлгі боларлық адал жан туралы ойын жеткізуіне себепші болды.

Қаңтар айында қазақтың әділ биі Төле бидің туылған күніне орай ақындар мүшайрасы байқауы ұйымдастырылды.Байқау барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Сүндетов пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Акбарова,Г.Исмадиярова әділқазылық жасады.Ақындар мүшайрасына қатысушы оқушылар еркін таақырыпта өз шығармашылығы бойынша бір туындысын жатқа оқыса,туған жер тақырыбында табанда өлең шығару байқау шарты саналды.Байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен
1-орынды
2-орынды
3-орынды
иеленді.

Қазақ айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мұғалімдерімен «Жақсы кітап -жан азығы» тақырыбында оқырмандар конференциясын өткізді.

Қаңтар айында «Жыр алыбы -Жамбыл» атты тақырыпта мектепішілік ақындар айтысы өткізілді. Нәтижесінде 9-сынып оқушысы Сәмет Мейірім мен 8-сынып оқушысы Сұлтанмұрат Бекнұр жүлделі 1,2 орынды иеленіп, аудандық кезеңге өтті.
Аудандық ақындар айтысы байқауынан Самет Мейірім 1- орын, Сұлтанмұрат Бекнұр 2-орын иеленіп, Сәмет Мейірім облыстық ақындар айтысы байқауына жолдама алды.

Қ.Ақылбава Мақала "Ахмет және ұлт бейнесі"
"№ 50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп " КММ де ақиық М.Мақатаевтың туған күніне орай мектепте іс-шара өткізілді. Оқушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып,жатқа айтты.

"№ 50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жыр алыбы Жамбыл атамыздың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігі оқушыларға іс-шара өткізді. Іс- шараға оқушылар белсене қатысып,Жамбыл атамыздың күйлерін тартып,көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады.




