20
наурыз
2024
Жазба жұмыстары мен дәптерлеріне қойылатын бірыңғай талаптарын орындау

І.Оқушылардың жазба жұмыстары мен жұмыс дәптерлері туралы.
Дәптерлердің жүргізілу тәртібі
Оқушы дәптерлеріндегі жазулар келесі талаптарға сай болу керек: 1.1. Дәптердегі жазу ұқыпты және түсінікті болуы. 1.2. Дәптерлердің сыртын бірдей талапқа сай және неге арналғанын көрсетіліп толтырылуы. 1.3. Жұмыстардың орындалу мерзімінің қойылуы 1.4. Сабақтың тақырыбы жеке жолда жазылады.
5.5. Жаттығудың нөмірі, орындалған жұмыс түрлері (өздік жұмысы, тест), жұмыс қайда орындалғаны (үй жұмысы, сынып жұмысы) жазып көрсетіледі.
Мысалы, Сынып жұмысы
№ 1241.6. Жаңа жолды сақтау.
1.7. Сынып және үй жұмыстарынан кейін - 4 тор көз, әр тапсырмадан кейін 2 тор көз қалдырылады.
1.8. Сызба мен салу жұмыстары сызу құралдардың (қарындаш, сызғыш, циркуль) көмегімен орындалады.
Математика дәптерлерін тексеру барысында жоғарғыдағы қойылатын талаптар талқыланды.








Мақсаты: Қ.Р Білімді ұлт жобасын іске асыру мақсатында білім алушыларды аралық аттестаттау арқылы бағалау жайында түсінік қалыптастыру,бағыт беру.
Жиналыстың күн тәртібінде әуелі білім алушылардың тәрбиесі жайлы,отбасындағы ата-ананың беделі жайлы сөз қозғалды.Отбасында ата-ананың бақылауында білім алушылардың басты назарда болатыны тілге тиек етіліп,бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу керектігі жайы ескертілді.
Күн тәртібіндегі келесі өзекті мәселе білім алушыларды аралық аттестаттау емтиханынан
өткізу ережелері мен міндеттері жайлы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Биболова,қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі Г.Исмадиярова
ата-аналарға толық таныстырды.
Жарыссөзде қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Исмадиярова
ата-аналарға, оқушыларға қосымша сабақ ұйымдастырылатыны,кестеге сәйкес оқушы мектепке дайындалу кестесі жайлы ақпарат берді.


