Физика және информатика пәні бірлестігі » «№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 563-70-06
Оқу бөлімі:
+7(775) 563-70-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Физика және информатика пәні бірлестігі
28
ақпан
2024

Физика және информатика пәні бірлестігі

 «№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні әдістеме бірлестігінің
 2023-2024 оқу жылында өтілген  іс-шаралары. Әдістеме бірлестік мұғалімдері

Апталықтың мақсаты:
    Оқушылардың информатика пәнінен білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен білімін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін тексеру; 
     Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасымыз Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап өткен болатын.. Қай заманда да өркениеттің дамуы интелектуалдық шығармашылық қабілеттіктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. 
    Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі,оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына  жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.



        Мектебімізде информатика пәнінің мұғалімі Мергенбаева Нурсулу  Ибрагимовна 5 "Б" сыныпқа Робототехника бөлімі бойынша Гироскопиялық датчик тақырыбы бойынша жоба құру сабағы өтті.
Мақсаты: 5.3.3.1 роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау үшін бағдарламалар жасау;
Оқушылар Робототехника саласындағы сабақтарға қызыға қатысып, тапсырмаларды өз деңгейінде орындады.Сабақ соңында кері байланыс жасалып,үй тапсырмасы берілді.





     Информатика пән мұғалімі Мергенбаева Нурсулу Ибрагимовна 8 сыныптар арасында  "Информатика әлеміне саяхат" атты сыныптан тыс іс -шара өткізді.
Мақсаты:
1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.   Оқушылар іс -шараға белесене қатыса отырып, өз деңгейінде білімдерін көрсете алды.



"N50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Ж.Жандарбекова 02 мамыр 2024 жылы 5 "Ә" сыныбына   "Компьютеріңіздегі деректерді қалай қорғауға болады?" деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақ оқу бағдарламасының мақсаттарына сай өтілді. Сабақтың мақсаты: құжаттарға арналған пароль орнату; ортақ пайдалану файлдарын орналастыру, редакциялау, жүктеу.
Сабақ барысында оқушыларға құжаттарға қорғаныс қою және оны алып тастау бойынша практикалық тапсырмалар берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды дер кезінде орындады. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.



“№50Үлгілі жалпы білім беретін мектепкоммуналдық мемлекеттік мекемесі Lesson study әдісі арқылы оқыту мен оқу үдерісін сапалы жетілдіру тақырыбындағы аудандық семинар Информатика пән мұғалімі "сабақта жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі " атты коучинг сабақ өтті.

Мақсат:

Жасанды интеллект сабақтардың жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру.

Күтілетін нәтиже:

Жасанды интеллект сабақтардың тиімділігін арттыруға қаншалықты әсер ететінін түсіну. 

Келген қонақтар сабақта қолдануға болатын ЖИ платформаларымен танысып риза болды. Оларды сабақта тиімді қолданудың мүмкіншіліктерімен артықтарында ескере білді. Сабақтар ойындар, тапсырмалар және қонақтардан кері байланыс болды. 






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив