"№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп" КММ
Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме.
« Өткенімізді білмей, болашақты болжау қиын » демекші, мектептің ертеден келе жатқан тарихына үңілгенде түрлі уақыт керуені көз алдымызға келеді.
Бүгінгі таңдағы «№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жайында сөз болмақ. Аталмыш мектептің тарихын тарқатып айтсақ, 1939 жылы алғашында бастауыш мектеп болып бастау алады. 1950 жылы 8 жылдық мектеп болып ауысады. 1960 жылы мектеп он жылдық мектеп мәртебесін алды. Ол кездері мектеп ғимараты Жаңа жол елді мекенінде орналасқан болатын.
Мектеп – бар білімнің бастауы. 1975 жылы Үлгілі елді мекенінде екі қабатты типтік жобада жаңа ғимарат бой көтеріп, 1976 жылы осы ғимаратта мектеп оқуын жалғастырды.
Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздың қолында. Мектеп директоры Айгүл Жасұзаққызы Ахментаеваның басшылығымен бұл мектеп талай белестерді бағындырып, талай жетістіктерді қанжығалады. Мектепте 844 бала білім алады, 80 мұғалім қызмет атқарады.
Шебер педагог – 7 , зерттеуші – 42 , сарапшы – 14, модератор – 8.
Мектебімізден елге танымал тұлғалар түлеп ұшқан. Атап айтсақ, И. Үмбетаев – Мақтаарал ауданының әкімі, Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мақтаарал мақта өңдеу тәжірибе станциясының директоры қызметін атқарған. Б. Құдияров - журналист, ақын «Орта Азия» газетінің бас редакторы, К. Өстеміров, Ж. Сыдықов, А. Битемирова, Е. Жұмаділов, С. Жолдасов, М. Сабырова, Ж. Хабибуллаев т.б.
Бүгінгі таңда Б. Соқпақбаев, Қ. Қайсенов, Ж. Нұрлыбаев атындағы мектептерге жетекші мектеп ретінде кәсіби көмек көрсетіп, инновациялық бағыт – бағдар беруде. Мектебімізде аудандық, облыстық семинарлар жиі ұйымдастырылып, мектеп педагогтері өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.