Ағылшын тілі пәні әдістеме бірлестігі
Ағылшын тілі ӘБ туралы мәлімет
Әдістемелік бірлестіктің проблемалық тақырыбы
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны пайдалана отырып , оқушылардың тіл байлығын , сөздік қорын молайту.
Мақсаты :
-Оқу –тәрбие процесінде әдіс-тәсілдеерді енгізу арқылы:
-Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық іс-әрекеттерге жетелеу:
-Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру
-Мұғалімнің құзіреттілігін арттыру және кәсіби шеберлігін шыңдау
- Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру
Міндеттері :
-Пәннің оқытылуын мемлекеттік стандарт талаптарына сай орындауды қамтамасыз ету
-Шығармашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін зерттеу жинақтау және тарқату
-Мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеруді қамтамасыз ету
-Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды меңгеру бойынша педагогикалық эксперименттерді жалғастыру
«№ 50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп» шетел тілі әдістеме бірлестігі мұғалімдері туралы мәлімет 2023-2024 оқу жылы
Жас ерекшеліктері
30-40 Ахунова Сапаркул, Арипова Мақпал, Құдасов Бауыржан, Ортаева Гүлжамал,Ахметова Мира, Толемисова Қарлығаш
41-50 Жаксылыкова Жазира, Жұманова Ғалия
51-60 Ахментаева Айгул
Еңбек өтілі
0-5 жыл Құдасов Бауыржан
11-15 жыл Ахунова Сапаркул, Арипова Мақпал, Ахметова Мира, Жұманова Ғалия
16-20 жыл Ортаева Гүлжамал, Толемисова Қарлығаш, Жаксылыкова Жазира
30-дан жоғары Ахментаева Айгул
«№ 50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп» шетел тілі әдістеме бірлестігінің біліктілік санаты бойынша
Ағылшын тілі әдістеме бірлестігі мүшелері


Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!- деп ақындарымыз жырлағандай мектебімізде ағылшын тілі әдістеме бірлестігенде 9 пән мұғалімдері жұмыс атқарады. Барлығы жоғары білімді. Оқушыларға білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, білім сапасына жұмыс жасайды

5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, бірлестігімізде еліміздің қасиетті әрі қастерлі тіл мерекесіне орай түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, Жаксылыкова Жазира және Ахунова Сапаркүл 10 «А» сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өз ойын ортаға салды.Қазақ халқының тілі үшін күрескен ұлт ұстазы атанған А.Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты өтілді.

Ортаева Гулжамал 6 сынып оқушыларымен Who knows English well тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Оқушылар белсенділік танытты

Жаксылыкова Жазира 11 «Ә» сынып оқушыларымен «Intellectual game» тақырыбында сыныптан-тыс іс-шара өткізді. Оқушылардың тілге деген қызығушылығын артыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты



Ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің «Тhe World around us» тақырыбында 02-06.10.2023 жылы аралығында апталықтың іс-шаралары жоспары түзіліп, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Апталықта оқушылар белсенділік танытып, өз деңгейінде өтілді.



Reading time оқырмандар сайысы

«Ең үздік оқырманды» анықтау мақсатында оқырман сайысы өткізілді


Жаксылыкова Жазира 10 «А» сыныбына «Polyglot» интеллектуалды ойынын өткізді. Оқушылар өз білімдерін көрсете отырып, жеңімпаз оқушылар марапатталды


Пән апталығында үзіліс кезіндегі ағылшын тілі пәнінен «Қызықты үзіліс» сәтінен көрініс

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Төлемисова Қарлығаш «Traditional stories» тақырыбында дәстүрлі емес сабақ өтті. Білім платформаларын тиімді пайдаланды. Берілген тапсырмалар дер кезінде орындалды.

Арипова Мақпал «Playground» тақырыбында ойын сабақ өткізді. Ойында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ өз мақсатына жетті.

Жұманова Ғалия «Who is the best?» тақырыбында дәстүрлі емес сабақ өткізді.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ортаева Гулжамал «Super Stars» дәстүрлі емес сабақ өткізді.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ахунова Сапаркул 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Day and Night» тақырыбындағы дәстүрлі емес сабақтан көрініс.

Ағылшын тілі пәні апталығы өз мәресіне жетті. Пән апталығының берері мол болды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сыныптан тыс өткізілген іс-шараларнан көрініс


Жаксылыкова Жазира 5 «А» сыныбына өткен «Bright stars» ертеңгілігінен көрініс


Бірлестік мүшелері Арипова М. Ахунова С. жас мамандармен білім сапасын көтеру мақсатында «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы сабақ кепілі» тақырыбында коучинг өткізді.


Ахментаева Айгүл апай «Досболlike» акциясы аясында 11 сынып оқушыларымен достық сағатын өткізді.


Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар,- демекші білімді оқушыларымыз ағылшын тілі пәнінен мектепішілік пән олимпиадасына қатысып, бақ сынасып жеңімпаз оқушылар, өңірлік олимпиадаға жолдама алды.


Ұстаз - көшбасшы!
Балалардың имитациялық қабілетін арттыру мақсатында ағылшын тілі әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен "Әдіскер ұстаз"-атты коучинг өткізілді. Коучинг барысында логикалық ойлау, грамматикалық аударма әдісі және тізбектеу,сатылау әдістерін қолдануымен бөлісті.



Бірлестік отырысында 3-тоқсан қорытындысы бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.Білім алушылардың білім сапасы, күнтізбелік- тақырыптық жоспардың орындалу барысы,сыныптан -тыс жұмыстардың жүргізілуі бойынша қаралды.
Бірлестік отырысының қорытындысы бойынша кемшілік жіберген пән мұғалімдеріне ескерту беріліп,ұсыныстар жасалынды,хаттама жазылды.

