Кәсіптік бағдар беру
«№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіптік бағыт бағдар беруші педагогының 2023-2024 оқу жылына арналған есебі.
Мақсаты: өзін-өзі анықтау және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдар беру. Оқу бейіні және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіби бағдар бойынша көмек көрсету.
Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады.
- Оқу жылының басында жоспар бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
- Жоспар бойынша «Мамандық әлемінде» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен дөңгелекүстел өткізілді. Мақсаты: мамандық таңдаудағы жауапкершілікті қалыптастыру. Мамандық таңдауына көмектесу бағыт бағдар беру.
- "Мамандық әлемінде" дөңгелек үстел


Мектебімізде "BOLASHAQ" "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы және Жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге "Өскенде кім боласың?" тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша ZOOM платформасы арқылы жиналыс болып өтті.
Мақсаты: мамандық таңдаудағы жауапкершілікті қалыптастыру. Мамандық таңдауына көмектесу бағыт бағдар беру.
"Өскенде кім боласың?" жиналыс



11 сынып оқушыларымен таңдау пәнге байланысты сұхбат болып өтті. Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту


11 сынып оқушыларынан Климов сауалнамасы алынды, мамандықтар түрлерінің құрлымына сәйкес әр түрлі мамандықтарды жинақтау үшін арналған сауалнама.


10 сынып оқушыларымен «Сен жанбасаң лапылдап» тақырыбында сайыс ретінде іс-шара болып өтті. Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және мамандық әлемі, оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейтіп, оқушылардың мамандық және әртүрлі еңбек саласы бойынша көзқарасын дамыту.
"Сен жанбасаң лапылдап..."


Бітіруші түлектермен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті өкілдерімен ZOOM платформасында жиналыс болып өтті. Мақсаты: ЖОО мамандарымен сұхбат жүргізе отырып мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру. Мамандық таңдауына көмектесу, бағыт-бағдар беру.

- «Озат оқу орыны сенің таңдауың» тақырыбында оқушылармен еліміздегі озат оқу орындарын таныстыру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: бітірушә түлектерге еліміздің озық оқу орындарымен таныстырып, оқу орынындағы мамандықтар, студенттерге жасалатын жағдайлар, жатақханалар, шет елдермене байланыстар жайлы түсінік беру.


Түлектермен кездесу. Мақсаты бітіруші түлектеріміздің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алу, университеттер жайлы мәліметтермен бөлісу.
Түлектермен кездесу


«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында дөңгелекүстел өткізілді. Мақсаты: мамандық құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру, мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту. Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.


11 сынып оқушыларынан ҰБТ дайындық кезіндегі әлеуметтік қиындықтардың анықтау мақсатында оқушылардан сауалнамалар алып, оқушылармен сұхбат жүргізді.
Әлеуметтік қиындықтар бойынша сұхбат


Кәсіптік бағадар беру педагогы Нұрсұлтан Алтынбеков М.Х.Дулати атындағы Мемелекеттік университеттін 11 сынып оқушыларына таныстырып өтті. Мақсаты: бітіруші түлектерге еліміздің озық оқу орындарымен таныстырып, оқу орынындағы мамандықтар, студенттерге жасалатын жағдайлар, жатақханалар, шет елдермене байланыстар жайлы түсінік беру.
М.Х. Дулати университетін таныстыру


"№50 Үлгілі жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде АӘжТД пәні оқытушы ұйымдастырушысы Б. Жунисов және кәсіптікбағдар беру педагогі Н.Алтынбеков М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары С.Бекжан, С.Жұмаділла және Ж.Бахраммен бітіруші сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді. Мақсаты: Академияны таныстыра отырып оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тәрбиелілікке баулу.




1.Мектебімізде 9 сынып оқушыларымен өткізілген Мамандық әлеміне саяхат атты іс-шара өткізілді. Мақсаты:мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту




2. Меуктебімізде 5 сынып оқушыларымен өткізілген Мамандық түрлері, бұл кімнің құралы атты дидактикалық ойын өткізілді. Мақсаты:оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру.



3.Мектебімізде Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері: Театр және кино әртәсі Қылышбек Қасымбеков және Бейбарыс Ұзақбаевты шақырып кездесу өткізді. Мақсаты:Оқушылармен ашық сұхбат жүргізе отырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру. Мамандықтың қыр-сырын түсіндіру


4. Мектебімізде Қббп Т.қосжан және Кәсіптік бағыт-бағдар беру педагогы Н.Алтынбеков 4 сынып оқушылары арасында Мамандық түрлері тақырыбында дидактикалық-танымдық ойын өткізілді.


